Меню

Страницы

Статья

Газель бойынша салық ставкалары төмендетілді

Аз тонналы жүк автомобильдеріне, оның ішінде газельдер де бар, көлік салығының ставкалары бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Бұрын жүк газельдерінің иелері салықты қозғалтқышының көлеміне байланысты жеңіл автомобильдер ретінде төлеген.

Салық кодексіне енген толықтыруларға сәйкес газельдер сияқты жүк көліктері үшін салық сомасы жүк көтергіштігіне байланысты есептеледі.

Бұл өзгеріс салық сомасын орта есеппен 30-50%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Мәселен, қозғалтқышының көлемі 2500-ден 3000 текше см. дейінгі және жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі жүк фургондарының иелері үшін салық сомасы 2021 жылы орта есеппен 26-30 мың теңгеден 14,6 мың теңгеге дейін төмендейді.

Бұл өзгеріс 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Сондықтан 2021 жыл үшін осындай автомобильдер бойынша көлік салығы төмендетілген мөлшерлемемен есептелетін болады.

Дата публикации
26 июля 2022
Дата обновления
26 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы