Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғаның табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру мерзімі келді (270.00 нысан)

2021 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысан) тапсыру мерзімі аяқталды. Бірінші кезең аясында декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған.

Ағымдағы жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00 нысан).

Онда есепті күнтізбелік жылы алынған кірістері, салық шегерімдері, мүлкі, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы мәліметтер көрсетіледі.

Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz), eSalyq Аzamat мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде мемлекеттік кірістер органдарына немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп қолма-қол тапсыруға немесе пошта арқылы жіберуге болады.

Бірінші кезеңдегі жеке тұлғалар үшін табысы мен мүлкі туралы декларацияны қағаз түрінде 2022 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей, электронды түрде 2022 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыру қажет.

 

Дата публикации
26 июля 2022
Дата обновления
26 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы