Меню

Страницы

Статья

ХҚКО-да көрсетілетін қызметтер қолжетімді бола түсті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті.

Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.

Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т.б.

Бүгінде Қазақстанда жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚКО-да алуға болады.

Қолжетімді коммерциялық қызмет көрсететін ХҚКО-лардың толық тізімі gov4c.kz. ресми сайтында жарияланған.

Қостанай коммерциялық қызметтер көрсетілетін ХҚКО-лар мынадай мекенжайлар бойынша қолжетімді.


1 Қостанай қаласының № 1 бөлімі Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 46
2 Қостанай қаласының № 2 бөлімі Қостанай қ., Гашека 14
3 Әулиекөл ауданының бөлімі Әулиекөл ауылы Ш. Жәнібек батыр көшесі, 32
4 Алтынсарин ауданының бөлімі Силантьевка ауылы, Ленин көшесі, 51
5 Амангелді ауданының бөлімі Амангелді ауылы, Майлин көшесі, 27 А
6 Арқалық қаласының бөлімі Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62-үй
7 Жангелдин ауданының бөлімі Торғай ауылы Қ. Мырзабеков көшесі №37
8 Жітіқара қаласының бөлімі Жітіқара қаласы, Ленин көшесі, 108-үй
9 Қарасу аудандық бөлімі Қарасу ауылы Комсомольская көшесі 24
10 Қамысты ауданының бөлімі Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 66
11 Тобыл қаласының бөлімі Затобол кенті, Тәуелсіздік көшесі, 53
12 Қарабалық ауданының бөлімі Қарабалық ауылы, и. Щеголихин көшесі, 3
13 Лисаков қаласының бөлімі Лисаков қаласы, 4 шағын аудан, 34б
14 Денисов ауданының бөлімі Денисовка ауылы Советская көшесі,13
15 Бейімбет Майлин аудандық бөлімі Әйет ауылы, Калинин көшесі, 93-үй
16 Рудный қаласы Ғарышкерлер бөлімі 12
17 Федоров ауданының бөлімі Федоров ауылы Красноармейская көшесі 56
18 Ұзынкөл ауданының бөлімі Ұзынкөл ауылы Абай көшесі 79
19 Сарыкөл ауданының бөлімі Сарыкөл ауылы, Ленин көшесі 104
20 Науырзым ауданының бөлімі Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі 5
21 Меңдіқара ауданының бөлімі Боровское а .Коралева 4а

Дата публикации
13 июля 2022
Дата обновления
13 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы