Меню

Страницы

Статья

Қазіргі уақытта желіде жеке тасымалдаумен айналысатын адамдардың мобильді аударымдарынан бас тартуға және қолма-қол есеп айырысуға көшуге шақыратын ақпарат таратылуда. Осыған байланысты қаржы министрлігі мынаны хабарлайды.

Қазіргі уақытта желіде жеке тасымалдаумен айналысатын адамдардың мобильді аударымдарынан бас тартуға және қолма-қол есеп айырысуға көшуге шақыратын ақпарат таратылуда. Осыған байланысты қаржы министрлігі мынаны хабарлайды.

Мобильдік аударымдарды пайдалануға қатысты салық заңнамасына түзетулер жеке тұлғалардың мобильдік төлемдерден жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсаттарда жүзеге асырылатын бөлуге арналған. Олар бизнес-қоғамдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды.

Аталған бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті одан әрі дамыту болып табылады және ешқандай жағдайда қолма-қол есеп айырысуға көшу мақсаттарын көздемейді.

Мемлекеттік кірістер органдарына деректерді беруге қатысты алаңдаушылық та негізсіз. Себебі 2022 жылдан бастап банктерден кәсіпкерлік шоттарға түсетін төлемдер бойынша ғана мәліметтер алу жоспарланып отыр. Осылайша, жеке аударымдарға салық салынбайды.

Жеке кәсіпкерлерге салық салудың ыңғайлылығы үшін бірнеше салық режимі бар, олардың ішінен өзіңізге ыңғайлы режимді таңдауға болады.

Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим жылына 10,3 млн. теңгеден аспайтын кіріс кезінде пайдаланылады.

Кассалық аппаратқа қатысты. Қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар. Кәсіпкер онлайн кассалық аппараттың мобильді нұсқасын жүктеп, оны заңды негізде пайдалана алады.

Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасы енгізіле отырып, автоматты түрде қалыптастырылатын болады.

Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, жеке кәсіпкерлер қабылданған мораторий аясында 2023 жылға дейін кірістерден салық төлеуден босатылған.

Кәсіпкерлерді арандатушылыққа бой алдырмауға және уәкілетті органдардың ресми ақпаратын пайдалануға шақырамыз.

Дата публикации
22 апреля 2022
Дата обновления
22 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы