2021 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсыну мерзімі аяқталды. Бірінші кезең аясында декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынды.
Ағымдағы жылдан бастап осы тұлғалар жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынатын болады.
Есепті күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, салық шегерімдері, мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлік көрсетілуге жатады.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны "салық төлеушінің кабинеті" (kgd.gov.kz), eSalyq Аzamat мобильдік қосымшасын рәсімдеуге, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібінде қағаз тасығышта не болмаса ХҚКО-ға жіберуге немесе пошта арқылы жіберуге құқығы бар.
Жеке тұлғалар үшін бірінші кезеңнің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қағаз жеткізгіште ұсыну мерзімі – 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық түрде – 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.