Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұзынкөл аумақтық инспекциясы

    Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының  2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына    сәйкес:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұзынкөл аумақтық инспекциясы келесі мемлекеттік қызмет көрсетеді:«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі, «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндiк сертификат беру», «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу. "Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру"

"Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру"      

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері (қол жеткізу арналары) Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);

3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

2) карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын,– 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде.

3) тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны     - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі фитосанитариялық сертификат немесе уәжді бас тарту.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

         Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі       Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде:

1) нысан бойынша өтініш;

2) карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы (бар болса);

3) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

порталға жүгінгенде:

1) көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

2) карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса);

"Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру"

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері (қол жеткізу арналары) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі      1) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

 2) көрсетілетін қызметті берушіге карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген -5 (бес) жұмыс сағаты ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушіге тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының– 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде.

         Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық (толық автоматтандырылған).Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі-карантиндік сертификат немесе уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

         Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі       1) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш;

2) карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысының электрондық көшірмесі. Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуге арналған өтініш

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері (қол жеткізу арналары) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі      3 (үш) жұмыс күні ішінде.

         Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны     Электрондық (толық автоматтандырылған).

         Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі    Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат немесе уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

"Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

         Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-     10 (он) жұмыс күні ішінде.

         Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны     Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

         Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі    Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растама немесе уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.        

         Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінгенде:

1) нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілдігіне өкілеттікті куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері       -тегін.

Жұмыс кестесі    1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414,  8 800 080 7777.

Дата публикации
13 апреля 2022
Дата обновления
13 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы