Меню

Страницы

Статья

Пестицидттерді өндіруге (формуляциялауға), тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, қолдануға және залалсыздандыруға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне арналған техникалық регламенттің талаптары.

«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) қолайлы фитосанитарлық жағдайды қамтамсыз ету;     

3) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу кезінде пестицидттердің адам денсаулығына әсерінің, ауыл шаруашылығы өнімінің, қоршаған ортаның ластануының алдын алу және болдырмау.

            Өсімдіктерді қорғау құралдарын сақтауға, мақсатына сай пайдалануға, пестицидттердің адам денсаулығына зиянды әсерінің алдын алуға және болдырмауға жол бермеу мақсатында өсімдіктерді қорғау саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау қажет, Заңның 14-5-бабына сәйкес қызметі мемлекеттік фитосанитариялықбақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар: «2) техникалық регламенттерде белгіленген пестицидттер айналымы саласындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға» міндетті.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №197 бұйрығымен бекітілген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентке (бұдан әрі-техникалық регламен) сәйкес мынадай талаптар белгіленген:

6-тарау. Пестицидтерді өткізу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

  1. Тіркелген пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге тек пестицидтерді өткізуге арналған лицензия алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
  2. Баулар мен бақшаларға арналған, ауыл шаруашылығы зиянкестеріне, аурулар мен арамшөптерге қарсы пестицидтерді, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтар жағдайларында қолдануға арналған үй кеміргіштерімен күресуге арналған құралдарды өткізу азық-түліктік емес мамандандырылған бөлшек сауда дүкендері арқылы жүзеге асырылады.
  3. Пестицидтермен көтерме және бөлшек сауда жасайтын жеткізушілерге (импорттаушыларға, сатушыларға) мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді ғана сатып алуға және өткізуге рұқсат етіледі.
  4. Пестицидтерді тұтынушыларға «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып, одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтер мен олардың ыдысын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдысын зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) туралы мәліметтерді қоса алғанда, қауіпсіз пайдалану шаралары туралы тиісті ақпарат болған жағдайда, өндірушінің ыдысымен ғана жіберуге рұқсат етіледі.

            7-тарау. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

            Пестицидтерді сақтау өзінің физикалық-химиялық қасиеттері (ұшуы, тотығуы және басқа қасиеттері), өрт және жарылыс қауіптілігі, реакциялық белсенділігі, сақтаудың температуралық режимі бойынша үйлеспейтін препараттарды бөлек сақтау үшін жағдай жасауды қоса алғанда, Өсімдіктерді қорғау туралы заңның 19-9-бабына сәйкес белгіленген, сондай-ақ ыдыстық заттаңбада, нақты бір пестицидтерді қолдану жөніндегі ұсынымдарда, олардың сыныптау шифрларында көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

  1. Жеке және заңды тұлғаларға пестицидтерді қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру осы техникалық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
04 марта 2022
Дата обновления
04 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы