Меню

Страницы

Статья

1 наурыздан бастап салық төлеушінің паспорты сауда және қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін енгізіледі.

2021 жылғы 20 желтоқсанда Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес «салық төлеушінің паспорты»деген жаңа ұғым енгізіледі.

Ол нені білдіреді және оны қайдан алуға болады, деп  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде хабарланды.

№1. Салық төлеушінің төлқұжатын кім алуға міндетті

сауда және тамақтану саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер.

№2. Төлқұжаттың түрі  қандай  және онда қандай ақпараттар бар

Паспорт QR-код түрінде қалыптастырылады. Онда салықтық құпия болып табылмайтын деректер бар, атап айтқанда: ЖСН / БСН; ЖК немесе заңды тұлғаның атауы. жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаның  АЖТ; қолданыстағы, әрекетсіз, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған – салық төлеушінің мәртебесі.

Тіркеу есебіне қою күні, тіркеу есебінен шығару күні. БКМ тіркеу нөмірі, БКМ пайдалану орны. Алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге (алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтен басқа) лицензияның болуы немесе болмауы.

№3. QR кодын қайда орналастыру керек

Салық төлеушінің паспортын қызметін қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында жүзеге асыратын салық төлеушілер БКМ тікелей орналасқан және халыққа ақпарат беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырады.

№4. QR кодын қаншалықты жиі жаңарту керек

Салық органы салық төлеушінің паспортын айына бір рет, есепті айдан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмейтін мерзімде қалыптастырады. Паспорттар Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жарияланады.

№5. Салық төлеушінің төлқұжатын қалай алуға болады

Кодты алу үшін: Мемлекеттік кірістер комитетінің порталына кіріп, «ақпараттық ресурстар»  бөліміне өтіп, «QR-кодты қалыптастыруды» табу қажет. Басқаннан кейін жүйе пайдаланушыны кодтарды қалыптастыру сайтына бағыттайды, онда қызмет көрсету тілін таңдап, «QR кодын алу» түймесін басу керек. Осыдан кейін телефон нөмірін енгізіп, «Кодты жіберу» түймесін басыңыз.

Дата публикации
25 февраля 2022
Дата обновления
25 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы