Хабарлама
2022 жылғы 20 ақпанда Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.
Ұзынкөл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Пресногорьков сайлау округі
Пресногорьков ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1416 азамат енгізілді, оның 1083-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 25, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-29.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Досмағамбетұлы Азамат – 80; Құсайынова Айгүл Қасымқанқызы - 44; Щербак Сергей Александрович-905.
Пресногорьков ауылдық округінің әкімі болып 1974 жылы туған, Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылында тұратын, Ұзынкөл ауданы әкімі аппаратының Жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және ескерту, азаматтық және аумақтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас маманы Сергей Александрович Щербак сайланды, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Ұзынкөл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 21 ақпандағы шешімімен Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдық округінің әкімі 2022 жылғы 20 ақпанда сайланған болып тіркелді.
Ұзынкөл аудандық сайлау комиссиясы