Меню

Страницы

Статья

Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталықтарынан дайын құжаттарды үйге жеткізу мүмкіндігі пайда болды

 Енді Қостанай тұрғындары жылжымайтын мүлік құқықтарын (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскі актісін, білімі туралы апостиль қойылған құжаттарды, мұрағат анықтамаларын, әскери билеттің телнұсқаларын және басқа да дайын болған барлығы 144 түрлі құжаттарды үйлеріне тапсырыс беріп алдырта алады.

 Халыққа қызмет көрсету орталығында тапсырыс берілген құжат дайын болған сәтте, клиентке жеткізу қызметін пайдалануды ұсынатын SMS-хабарлама жолданады.

Клиент келіскен жағдайда жеке сілтеме бойынша өтіп, жеткізу мекенжайын толтыру қажет. Келесі кезекте клиент қала ішінде жеткізу құнын төлеуі керек – 970 теңге. Курьер поштаны тапсырыс берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеткізеді.

- Біз халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызмет көрсету үдерісі барынша ыңғайлы болу үшін ғана емес, дайын құжатқа қайта-қайта келудің қажеті болмас үшін қосымша қызметтерді жасап жатырмыз. Адамдардың жұмыстан шығуға немесе балаларын үйде қалдыруға әрқашан мүмкіндігі бола бермейтінін білеміз. Ал құжаттарды жеткізу қызметі тұтынушылардың уақыты мен қаржысын айтарлықтай үнемдейді, – дейді Қостанай қаласы N1 мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Олеся Ершова. - Үйге жеткізу қызметі қазір Қостанайда төрт бөлімшеде жұмыс істейді: №1, №2, №3 және мамандандырылған ХҚО.

        Еске салайық, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды жеткізу қызметін 2021 жылдың сәуірінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында іске қосты. Қазір бұл қызмет Қазақстанның барлық аймақтарында қолжетімді.

Дата публикации
28 января 2022
Дата обновления
28 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы