Дәл осындай тақырыппен 6 қазан күні оқытушылық семинар өткен болатын. Ол діни сауаттылықты арттыру мен діни экстремизмнің алдын алу бағытында жастармен жұмыс істейтін Ұзынкөл ауданының мамандарымен өткізілді.
Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқарманың діни мәселелерді зерттеу орталығының басшысы Нугурбеков Нурикан Кажмуханович, ақпараттық – түсіндіру жұмыстарының негізгі қағидалары туралы, оның Қостанай облысында қалай іске асып жатқанын айтты. Ол жастармен жұмыс кезіндегі заманауи тәсіл – студенттік Ұшатын жасақты қолданудағы мысалдармен бөлісті, ол ақпаратты жеткізуде «тепе-тең» қағидасын қолданады. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне көмек ретінде қолданатын ақпараттық материалдар топтамасын көрсетті.
Юлия Калюжная деструктивті діни ұйымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының қызметі туралы айтып өтті, ол деструктивті діни ықпалға иммунитетті қалыптастыру үшін жасөсіпірімдерде қажетті байланыстар мен қандай әлеуметтік дағдыларды дамыту қажеттігіне тоқталып өтті. Ол зайырлықтың қағидалары туралы әлеуметтік роликтердің сериясын және оларды әртүрлі салада: білім беру, мемлекеттік қызмет, отбасылық қарым-қатынас, бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінде көрсетті.
Аталмыш іс-шара Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша Қостанай облысының психологтары қауымдастығымен ұйымдастырылды.