Меню

Страницы

Статья

Ұзынкөл ауданында жастар аясында діни экстремизмнің алдын алу бойынша жобаны іске асыру жалғасуда

Адамның кез келген салада хабары бар болуы негативті сценаридің дамуын алдын алуды ескерту үшін қажетті көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Дін мәселесінде сондай – ақ тек өзінді ғана емес жанында жүрген адамдарды да қорғау үшін базалық білімдерді игеру қажет.  Біздің дәстүрлі діндеріміздің, ислам мен христиандықтың құндылықтары жалпы адамгершілік құндылықтармен сәйкес келеді және өмірімізге мән, тұрақтылық пен руханилықты сыйлайды.   Дегенмен де діни пастулаттардың бұрмаланған түсіндірмелерін тудыратын  төмен діни сауаттылықтың кесірінен, кез келген адамның өміріне деструктивті діни ағымдар еніп кетуі мүмкін, олар тұлға, отбасы және қоғам үшін қауіп тудырады. Сондықтан да бүгінгі таңда жастардың дін мәселелерінде түсініктері болуы, отбасыда ұрпақтан ұрпаққа берілетін діни дәстүрдің негіздерін білуі қажет, сонымен қатар әлеуметтік желілерде қауіпсіз тілдесу ережелерін қолдануға және әрине виртуалды кеңістіктегі ақпаратты сыни тұрғыдан талдауды үйрену қажет.  

Осындай мақсатпен діни экстремизмнің алдын алу бойынша жоба да іске асырылуда. 29 қыркүйекте Ұзынкөл ауданының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Бекишев пен деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығыны басшысы Юлия Калюжная Новопокров және Куйбышев ауылдық округтерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Оқушылармен бірге олар дәстүрлі діннен оның рухани суррогаттан қалай ажыратуға болатынын талқылады, Юлия Калюжная басқаратын деструктивті діни ұйымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы тәжірибесінен алынған мысалдарды талдады. Оқушылар теріс діни ұйымдарға адамдар не себепті түсетінін, оның негативтң салдарлары және алдап арбаушылар қолданатын механизмдер мен оларға қарсы тұру тәсілдері туралы, сонымен қатар желідегі қауіпсіздіктің базалық шаралар туралы білді.  

Ерлан Бекишев жастарға жүгіне отырып оларды жос болуға және бір бірін қолдауға, өз ұлтының салт-дәстүрін құрметтеуге, тарихқа қызығушылық танытуға және білімді бағалауға шақырды. Ал олар бәріміз білетіндіктей қауіпсіздіктің негізін құрайды.

 

Аталмыш іс-шара Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша Қостанай облысының психологтары қауымдастығымен ұйымдастырылды

Дата публикации
29 сентября 2021
Дата обновления
29 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы