Меню

Страницы

Статья

Қостанайлық тұрғындар енді Қазақстанның кез келген ХҚО-ларында бала тууына байланысты төлемдерді рәсімдей алады

Баланың туылуына және оның бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-на жүгіне алады.

 

Бұрын тұрақты тіркелімнің болуы және тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгіну, әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты критерийлерінің бірі болатын.

 

"Экстерриториялды қағидат тек тіркелу орнына байланбауға мүмкіндік береді және біздің клиенттерімізге көбірек қозғалыс еркіндігін береді. Оның арқасында қазақстандықтар бала туғанда берілетін және оның күтімі бойынша жәрдемақыны, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді орналасқан жеріне қарамастан елдің кез келген ХҚО-да ресімдей алады. Жыл соңына қарай төлемдердің қалған түрлері бойынша эксаумақтық қағидатты енгізу жоспарлануда. Айтпақшы, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 8 айында баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақылар бойынша Қостанай облысында 4,5 мыңнан астам өтініш берілген", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.

 

Республика бойынша 2021 жылдың 8 айында баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақылар бойынша 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет ресімделген.

Дата публикации
05 октября 2021
Дата обновления
05 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы