Меню

Страницы

Статья

ХҚО-ларда міндетті брондау болмайды

Қазақстандықтар ХҚО-ға 23 тамыздан бастап міндетті брондаусыз бара алады. Бұл ретте Ashyq жүйесіндегі мәртебені тексеру арқылы өткізу тәртібі сақталады.

«Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды, мұндай жұмыс тәртібі клиенттердің бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді, бір апта аралығында брондау үшін бос уақыт табу қиын болды. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді Міндетті алдын ала брондаусыз ала алады. Бұл ретте электронды тәсілмен кезекке тұру мүмкіндігі бұрынғы тәртіпте қалады. Бұл жағдайдағы клиенттің артықшылығы – операторға ұзақ кезексізжүгіне алады. Біз келушілердің саны өсетінін түсінеміз, сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз – бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Ә.Қожықов.

Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы талондарды беру жүйесін Ashyq-пен өзара ықпалдастырды. Бұл клиенттің мәртебесін ХҚО-да кезек талондарын беру кезінде де тексеруге мүмкіндік береді. Терминалда клиенттің ЖСН-ін теру барысында ақпарат Ashyq жүйесіндегі деректермен сәйкестендіріледі, қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.

Дата публикации
20 августа 2021
Дата обновления
20 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы