Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 18 маусым күні онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ, қатыса алады.

Іс-шара тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» деп аталады. Іс-шараның негізгі мақсаты ерікті зейнетақы жарналарын насихаттау. Қазіргі уақытта заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді, олар жинақтау мәдениетін дамыту үшін тамаша ынталандыру болмақ.

Мәселен, жыл басынан бері салық агентінің (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жыл ішінде талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомаларын БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есептелетін жеке зейнетақы шоттарына есепке алу үшін аудару тәртібін ережелейтін заң нормалары да қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ, ең маңызды жаңалықтардың бірі алғашқы ерікті салым жасалған кезде ЕЗЖ шоттарының автоматты түрде ашылуы болды.

Бұған қоса, аталмыш іс-шараның мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру.  

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 18 маусым күні өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына бір күн қалғанда жіберіледі.

 

Сіздерді асыға күтеміз!

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы