Меню

Страницы

Статья

Билбордтардағы жарнамаға ақы төлеу мен орналастыру ережелері туралы

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі билбордтардағы жарнамаға ақы төлеу мен орналастыру ережелері туралы, сондай-ақ осы сала кімнің бақылауында екендігі туралы айтып берді.

Көрнекі жарнама үшін ақы оны жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жүріс бөлігінде, елді мекендердегі үй-жайдан тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін алынады. Бұл Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі) 603 бабының 1-тармағында көрсетілген.

Жарнама саласындағы уәкілетті орган - ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Ведомство «Жарнама туралы» Заңының 17-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережелерін әзірлейді және бекітеді.

Заң сонымен қатар Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратындығын және олар ескертусіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы анықтайтындығын белгілейді. Салық кодексіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлеушілер, алымдардың мөлшері, сыртқы (көрнекі) жарнаманың мерзімі мен орналасқан жері, уәкілетті орган белгілеген нысандағы хабарламалар жіберілу( жіберілмеу) туралы мәліметті беріп отырады.

Осылайша, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтау мәселесі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне кіреді, ал ескертусіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін анықтау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Бұл ретте салық органдары жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпарат негізінде төлемдер алады.

Дата публикации
29 апреля 2021
Дата обновления
29 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы