Меню

Страницы

Статья

Оңалту рәсімін қолдануға ниетті салық төлеушілердің назарына

Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасында  бірқатар  кәсіпорындар ЖШС - мен қатар ЖК-мен пандемияға байланысты қалыптасқан, қиын жағдайдан шығудың жолдарын іздестіруде, онда оңалту рәсімін қолдану шығудың бір нұсқасы болып табылады.

          «Оңалту және банкроттық туралы»  ҚРЗ сәйкес банкроттық рәсімінен басқа  дәрменсіз (төлемге қабілетсіз) кәсіпорындарға қатысты оңалту рәсімі де көзделген.

            Заңда оңалту рәсімі жазылған, онда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және борышкердің мүлкін сақтау қарастырылған.

            Заңға сәйкес оңалту рәсімі – сот тәртібімен қолданылатын рәсім, оның шеңберінде борышкерге төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқару, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады.

            Оңалтуды  қолдану  кезінде  кәсіпорынның  бюджет  алдындағы, сондай-ақ  өзге кредиторлар алдындағы борыштары әзірленген және бекітілген кестеге сәйкес өтелетін болады.

            Оңалту рәсімінен өту уақытында кәсіпорынды басқару құқығы оңалтуды  басқарушыға  жүктеледі.

            Бұл  ретте,  «Оңалту  және  банкроттық  туралы»  ҚРЗ   борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы мүліктің меншік иесінде сақталуы мүмкін деп көзделген.

              Бүгінгі  күні  оңалту  рәсімі  31  борышкерге  қатысты  қолданылды.

2020 жылғы  01  қаңтардан  бастап  қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде оңалту мақсатына қол жеткізуге байланысты кредиторлық берешегін толық өтеген  8 борышкерге  оңалту рәсімі аяқталды.       

              Қосымша ақпарат алу үшін Сіз Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жұмыс басқармасына 2-15-89 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.

Дата публикации
29 апреля 2021
Дата обновления
29 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы