Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін құқықтық жауапкершілігі барған сайын күшейе түсуде және бұл жұмысқа бүкіл қоғам қосылуда.
Соңғы 5 жыл ішінде мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде Қостанай облысы бойынша МКД-ға ішкі талдау кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Талдаудың мақсаты бөлімшелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жою болып табылады.
Тарифтік реттеу басқармасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі, әдетте, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен байланыстардың болуы, қосымша құжаттарды талап ету болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында басқармамен уәкілетті органға бөлімшенің қызметіне қатысты кейбір нормативтік-құқықтық актілерді қарау үшін тиісті ұсыныстар жолданды.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің негізіне нұқсан келтіретіндіктен және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіпті болып табылатындықтан, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін жағдайларды жою біздің еліміздің әрбір саналы азаматының, әрбір мемлекеттік қызметшінің ісі болып табылады.