Меню

Страницы

Статья

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің IV деңгейінің салық түсімдерін қамтамасыз ету мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 11.07.17 жылғы № 90-VI Заңымен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін кезең-кезеңмен енгізу қарастырылған.

Халық саны  2 000 және одан да көп адам болатын әкімшілік – аумақтық бірліктерде бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі дербес жұмыс 2018 жылдан бастап, қалғандарына - 2020 жылдан бастап жүргізіледі.

2018  жылғы  1 қаңтардан бастап халқының саны 2 000 және одан да көп адам болатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне салықтың мынадай түрлері, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем:

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың  төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;

- мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

-  жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;

-    аудандық  маңызы  бар  қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық;

Көрсетілген салық түрлері мен төлем 2020 жылдан бастап халқының саны 2 000 және одан кем адам болатын әкімшілік – аумақтық бірліктердің ауылдық бюджеттеріне есептеуге жатады.

Осыған байланысты, 2020 жылдан бастап төлемдер Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін объектілермен салық төлеушілердің назарына мәлімет үшін салықтардың осы түрлерін есептеу кезінде аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппаратының БСН-ін салық есептілігінде көрсету қажеттілігі туралы жеткіземіз.

Аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда  орналасқан объектілері бар салық төлеушілердің 2020 жылдан бастап 2 000 және одан да аз халқы бар салық және төлемдерді төлеуі жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне жүргізіледі.

 

 

                         Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Дата публикации
29 апреля 2021
Дата обновления
29 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы