Меню

Страницы

Статья

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ)

Салық кодексінің 774-бабының 2-тармағына сәйкес бiрыңғай жиынтық төлемді төлеушінің осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

          Мәселен, БЖТ төлеушінің шекті табысын есептеу үшін 2021 жылдың 1 қаңтарына қолданыстағы АЕК қолданылады, яғни 2 917 теңге (2021 жылға шекті табыстың мөлшері - 3 427 475 теңге).

         Салық кодексінің 775-бабының 2-тармағына сәйкес бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.

         Осылайша, БЖТ сомасы ағымдағы жылдың бір айы үшін қала тұрғындары үшін 1 АЕК немесе 2 917 теңге құрайды, ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 459 теңге.

                                  

 

       Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
29 апреля 2021
Дата обновления
29 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы