Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың II тоқсанында АӘК тағайындау туралы.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, 2021 жылғы 16 ақпанда
№ 56/НҚ «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығын (бұдан әрі- Бұйрық) қабылдады.

Жоғарыда көрсетілген Бұйрыққа сәйкес 2021 жылғы 1 наурыздан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындау бойынша қызмет «Электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі.

Бұл жағдайда өтініш беруші және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді жинау (дербес мәліметтер, санаты, банктік шот, тұратын мекенжайы, табыстары туралы мәліметтер және т.б.)әлеуметтік келісімшарттың алдын ала шартымен танысу, тексеру нәтижесі оң болған кезде өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы бар өтінішті қалыптастыру ЭҮП алаңында жүзеге асырылады.

Қалыптастырылған электрондық өтініш тіркелгеннен кейін 15 күн ішінде тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Әлеуметтік көмек» ААЖ арқылы автоматты түрде түседі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну тәртібі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес айқындалады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, а.ж. екінші тоқсанында
АӘК тағайындауға өтініштерді қабылдау жоғарыда көрсетілген қызметті көрсетудің дәстүрлі нысанына балама ретінде ЭҮП арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл ретте қолданыстағы АӘК алушыларға өтініштерді автоматты түрде ұзарту практикасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етуқағидаларының нормаларыкүшін жоғалтқандығын ескере отырып, жойылатын болады.

Электрондық-цифрлық қолтаңбасы және ЭҮП-ға қол жеткізу мүмкіндігі жоқ адамдар үшін халық арасында коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жұмыс істейді.

Дата публикации
26 марта 2021
Дата обновления
26 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы