Меню

Страницы

Статья

Тәлімгерлік: мақсаты және міндеттері

Білекке сенген заманда

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенер заманда

Қапы қалып жүрмелік

 

Абылай хан

 

Өз мақаламды мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсуін ынталандыру мәселесіне қатысты жазуды шештім.

Бүгінгі таңда әлемдік аренадағы елдердің қатаң бәсекелестігі жағдайында мемлекеттік басқару тиімді болуы керек, сәйкесінше бұл үшін барлық талаптарға жауап беретін мемлекеттік қызметкерлер қажет. Сондай-ақ кадрлардың біліктілігі және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру мәселесі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөздерінде және жолдауларында бірнеше рет айтылған.

Осыған байланысты, Мемлекеттік қызмет институты тұрақты талдауды, осы саладағы проблемаларды анықтауды, оларды шешуді, сондай-ақ жетілдіруді талап етеді.

Көпшілікке мәлім мемлекеттік қызметке орналасудан бұрын азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеуді оң бағамен өткен жағдайда стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан өтеді.

Жоғарыда аталған біліктілік талаптар «халыққа қызмет ету» принципіне негізделген заманауи мемлекеттік аппаратқа сәйкес келеді. Себебі халық мүддесін қорғау мемлекеттік қызметшілердің басты міндеттерінің бірі.

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатын азаматтар аталған кезеңдерден оң бағамен өткенімен мемлекеттік органның ішкі қызметі олар үшін беймәлім.

Бұл ретте, азаматтарға мемлекеттік қызметтің негіздерімен таныстыру, таңдаған мемлекеттік лауазымның құзыреттері мен міндеттерін жетік меңгеру жолында басты рольді тәлімгерлік институты атқарады.

Қазіргі таңда мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтар, «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығына сәйкес орналасқан мемлекеттік лауазымға сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленетін сынақ мерзімінен өтеді.

Сынақ мерзімі үш айды құрайды. Бұл кезеңде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтарға тәлімгерлер бекітіледі.

Тәлімгер болып мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, жоғары кәсіби қасиеттерге ие, соңғы жыл бойы қызметін бағалауда «тиімдіден» төмен емес нәтижелері, тәрбие жұмысына бейімділігі және ұжымда беделі бар, сондай-ақ тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметші тағайындалуы мүмкін.

Қостанай облысы бойынша сынақ мерзімі 293 азаматқа бекітілген. Олардың 90 қазіргі таңда сынақ мерзімнен өтуде.

Сонымен қатар тәлімгерлік институтын күшейту мақсатында Департамента 2019 жылы «Online – тәлімгер» атты жобаны іске асырды. Бүгінде жоба жалғасын табуда. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жобаға 40 жуық жас мамандар қатысты.

Тәлімгер ретінде Қостанай қаласының құрметті тұрғындары атағына ие болған, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысады.

Кездесулердің басты мақсаты жас мамандарды ынталандыру, болашаққа сеніммен қарауды үйрету, қызметінде жақсы жетістіктерге жеткізетін мінез құлқын қалыптастыру. Жоба аз уақыттың ішінде оң бағасын алды. Тәлімгерлердің тапсырмаларының арқасында жас мамандар тек мемлекеттік қызметке байланысты біліммен шектелмей жалпы білім деңгейін бір сатыға көтерді деп есептеуге болады.

Online – тәлімгерлеріміз мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет ұранымен қызмет атқарған азаматтар. Бүгінде мемлекеттік қызметке келсем деген жастарға барлық жағдай жасалғанында айтып жүруде. Тәлімгелер жас мамандардың ең бастысы біліміне, құқықтық сауаттылығына, өнегелі тәртібіне, адал әрі ар-намысының тазалығына назар аударады. Олардың өз жұмысын абыроймен атқаруы үшін заңды жетік білуіне ықпал етеді. Өте сауатты, шебер ұйымдастыра білетін, көппен тіл табыса алатын, есте сақтау қабілеті мен логикалық ойлана білетін қабілеттерінде ұмытпау жөн.

Қандай тәлімгер болмағанымен әр мемлекеттік қызметшінің абыройы өз қолында және әр адамның сана сезіміне байланысты деп ойлаймын. Себебі күннен күнге дамып келе жатқан білімге сенер заманда, қапы қалмаған жөн!

Күмісай Байдаулет, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің бас маманы

Дата публикации
17 февраля 2021
Дата обновления
17 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы