Бүгінгі күні салық салу саласында тәуекелдерді басқарудың екі жүйесі енгізілді.
Бірінші – СТ қызметін төмен, орташа, жоғары дәрежелі тәуекел санатына жатқызу жолымен санаттау, екіншісі – салықтық тексеруге іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау.
Салық төлеушілер тарапынан осы екі жүйеге қатысты көптеген өтініштер түсіп, қосымша мәселелер туындайды, сондықтан оларды жеке-жеке түсінуге тырысамыз. Әр жүйе бойынша толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, осы санаттау бойынша критерийлерді есептеу заңнамалық нормалармен бекітілген, яғни «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемдер бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығымен бекітілді және салық кодексінің 136-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Екіншіден, тәуекел дәрежесі өлшемдердің екі түрі бойынша есептеледі: ашық – құпия ақпарат болып табылмайтын, және жабық – құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын.
Өлшемдер 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша жарты жылда бір рет (жылына 2 рет) қайта есептеледі.
Жүргізілген санаттарға бөлу нәтижелері бойынша берілген тәуекел дәрежесі туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (http://kgd.gov.kz/ru/services/degree_of_risk) орналастырылады (Электрондық сервистер / бизнеске көмек / санаттарға бөлу нәтижелері бойынша салық төлеушінің тәуекел дәрежесі).
Бұдан басқа, әрбір салық төлеушіге «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы, іске қосылған жабық өлшемдер бойынша мәліметтермен жеке жіберіледі, онда мәні мен балдары көрсетіледі.
Жабық өлшемдер бойынша нәтижелер құпия ақпарат болып табылады және жариялауға жатпайды.
Мұнда критерийлер тәуекел дәрежесіне теріс және оң әсер ететініне назар аудару керек.
Яғни, егер "қосу" балымен болса, онда тәуекел дәрежесі артады және керісінше, "азайту" балымен - дәреже төмендейді.
Тәуекелдерді басқару жүйесін дұрыс түсіну және оның нәтижелерін қолдану, сондай-ақ берілген тәуекел дәрежесін өзгерту үшін салық төлеушілерге кейбір ұсыныстар ұсынамыз:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығымен белгіленген ашық критерийлердің тізімімен және оларды есептеу әдістемесімен танысуға;
2) «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасынан алынған ашық өлшемдер (көрсеткіштер, мәндер, баллдар саны) бойынша есептің талдамасын талдау;
3) нәтижелермен келіскен жағдайда, тәуекел дәрежесіне әсер еткен көрсеткіштерді назарға алу және оларды салық есебінде ескеру;
4) ашық критерийлерді есептеу бойынша қандай да бір мәндермен келіспеген жағдайда «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы электрондық түсіндірме жіберу»;
5) салық төлеуші ұсынған түсіндірменің негізділігі жағдайында өлшемдер қайта есептелетін болады және егер осы қайта есептеу тәуекел дәрежесін өзгертсе, салық төлеушіге «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы тиісті хабарлама жіберілетін болады.
Салық төлеушілерден түсетін санаттарға бөлу бойынша кең таралған мәселелердің бірі салық төлеушінің салық жүктемесінің коэффициентін және орта салалық СЖК (бұдан әрі – СЖК) есептеу тәртібі болып табылады.
Мұнда ТБЖ тәуекел дәрежелері бойынша санаттауда «Салық жүктемесі» критерийі базалық көрсеткіш болып табылатындығына назар аударамыз және ауытқу СЖК орташа салалық мәнінен анықталады.
Өз кезегінде, СЖК орташа салалық мәні «Салық органдарында жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпан №253 бұйрығы негізінде және мынадай формула бойынша есептеледі:
ОС СЖК = СЖК1 + СЖК2 + СЖК3….СЖК n/ N,
ол жерде - ОС СЖК – салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні; СЖК1, СЖК2, СЖК3,…СЖК n–50 пайыздан артқан салықтық жүктеме коэффициентерді қоспағанда, салық төлеушілердің әр саласындағы салықтық жүктеме коэффициенті;
ЖЖТ – Салық кодексінің 241 және 287-баптарында көзделген түзетулерді есепке алмағанда заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының сомасы,
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның табысы,
есепті салық кезеңі үшін жиынтық түрде алынған жеке кәсіпкердің табысы (бұдан әрі – ЖЖТ)
N – салық жүктемесінің 50 пайыздан асатын коэффициенттерін қоспағанда, есептеуге қатысатын тиісті бөлімнің салық төлеушілерінің саны, сонымен қатар ЖЖТ жоқ салық төлеушілерді қоспағанда.
Демек, тіркеу күніне қарамастан 2017-2018 жылғы ЖЖТ декларациялаған салық төлеушілер СЖК орташа салалық мәнін есептеуге қатысады.
Бұдан әрі, жүйе «салық жүктемесі» критерийін есептеу нәтижелері бойынша салық төлеушіге кестеге сәйкес ұпайлар қояды.
|
№ п/п |
Орташа салалық көрсеткіштен ауытқу пайызы |
Тәуекел дәрежесіне әсері |
Басымдылығы |
|
1. |
50 пайыздан астам |
теріс |
(+) 5 ұпай |
|
2. |
10-нан 50 пайызға дейін |
теріс |
(+) 3 ұпай |
|
3. |
5-тен 10 пайызға дейін |
теріс |
(+) 2 ұпай |
|
4. |
(-) 5-тен (-) 10 пайызға дейін |
теріс |
(-) 3 ұпай |
|
5. |
(-) 10-нан (-) 30 пайызға дейін |
теріс |
(-) 4 ұпай |
|
6. |
(-) 30 пайыздан астам |
теріс |
(-) 5 ұпай |
Келтірілген есептеу әдістемесіне сүйене отырып, салық төлеуші базалық мәннен ауытқу бойынша СЖК бойынша ұпайларды дербес анықтай алады.
Сондай-ақ, «салық төлеушінің деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануы» критерийін есептеуге қатысты сұрақтар жиі түседі.
Салық төлеуші деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын пайдаланған кезде салық төлеушінің тәуекел дәрежесі төмендейді және жиналған ұпай санын (+) 2 ұпайға азайту түрінде оң әсер етеді.
Осы критерий бойынша ұпай санын есептеуде есептеу формуласы қолданылмайды.
Осылайша, ТБЖ санаттау бойынша негізгі сәттер түсіндіріледі, оның нәтижелері бойынша төмен, орташа және жоғары тәуекел дәрежесі беріледі.
Салықтық тексеруге іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау бірнеше заңнамалық актілермен бекітілген:
1) «Тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі №3 бұйрығы.
2) ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕАК келісілген Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 1030 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 86 бірлескен бұйрығы,
3) 2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Кәсіпкерлік Кодексі.
Мұнда тәуекелдерді басқарудың бірінші жүйесі сияқты тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің екі түрі бекітілген: ашық және құпия (қызметтік).
Ашық критерийлер тізіміне кіреді:
1) салық жүктемесінің коэффициенті (СЖК);
2) жалған кәсіпорындармен, әрекетсіз салық төлеушілермен және олардың тіркелуін сот жарамсыз деп таныған салық төлеушілермен операцияларды, сондай-ақ сот оларды жасау іс жүзінде жұмыстарды орындаусыз, қызметтерді көрсетусіз, тауарларды тиеп жөнелтусіз жүзеге асырылған деп таныған мәмілелерді жүзеге асыру;
3) 0,98-ден 1-ге дейінгілерді қоса алғанда аралықтағы түзетуге дейінгі жылдық жиынтық табыс сомасына шегерімдер сомасының арақатынас коэффициенті;
4) корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдердің сомасын ұлғайтумен және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын ұлғайтумен қосымша салық есептілігін ұсыну;
5) корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін нөлдік көрсеткіштермен табыс ету, бұл ретте сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру және (немесе) мемлекеттік сатып алуларға қатысу;
6) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалардың болуы.
Өлшемдердің нәтижелері бойынша салықтық тексеру субъектісінің (объектісінің) тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші – жоғары және жоғары емес болып шығарылады.
Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған, яғни нысаналы оқиғаның ықтималдығы көрсеткіші кезінде 51-ден астам пайызы бар салық төлеуші, онда ол бойынша ағымдағы жылдың алдағы жартыжылдығына салықтық тексеру тағайындалады.
Егер ықтималдық көрсеткіші 51 пайыз және одан төмен төлеуші, яғни жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған-тексеру тағайындалмайды.
Салық төлеушілер үшін субъектілерді (объектілерді) салықтық тексеруге іріктеу нәтижелері бойынша берілген тәуекел дәрежесі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестесі нысанында жарияланады.
Салықтық тексерулер тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары ықтималдылық көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылығынан шыға отырып, жоғары дәрежеге жатқызылған салық төлеушілерге қатысты тағайындалады.