Меню

Страницы

Статья

2020 жылдан бастап МӘМС жарналары мен аударымдары өзгереді 20.12.2020 ж.

Өз қызметкерлері үшін ақы төлеп жүргендердің МӘМС ставкалары ұлғаюда, сондай-ақ қызметкерлер үшін және өздері үшін жарналар пайда болады.

Жұмыс берушінің жұмыскерлерінде 2020 жылдан бастап аударымдар ставкасы 1.5-ден 2% - ға дейін өседі.

 Егер сіз ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар болсаңыз, онда 2020 жылдан бастап сіз ай сайын 1,4 ЕТЖ - дан 5% ставка бойынша өзіңіз үшін жарна төлей бастайсыз.

Шаруа қожалықтары 1 ЕТЖ-дан 5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жарналарды 3, 6 немесе 12 айға аванспен төлеуге болады.

Егер сіз жеке тұлға азаматтық құқықтық сипаттағы шарты бойынша жұмыс істейтін болсаңыз, онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын шарттың қолданылу мерзімі ішінде сіздің табысыңыз бойынша 2020 жылы шарт бойынша алынатын табыстың 1% - ын көрсетілетін қызметті алушы (салық агенті) ұстап қалады және аударады.

Егер сіз жұмыссыз болсаңыз, онда сіз 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК-нің 5% - ын 2020 жылы өздігіңізбен төлейсіз, бірақ БЖТ қатысушысы ретінде салық есебіне тұру керек және қала үшін 1 АЕК - 2 651 теңге, ауыл үшін айына 0,5 АЕК -1326 теңге, оған барлық салықтар мен төлемдер кіреді (ЖТС, МЗЖ, әлеуметтік аударымдары, МӘМС).

Барлық жұмыс берушілерге білу маңызды:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші, аударымдарды төлеуден басқа, қызметкердің жарналар (қызметкердің табысынан) есептеу объектісінен 1% мөлшерінде ұстап және төлеп тұрады.

Жарналарды есептеу объектісі есептелген табыс болады.

Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы нысан жеке тұлғаның кірістердің барлық түрлерінің сомасы бойынша есептелуі тиіс және 10 ЕТЖ-дан аспауы тиіс.

МӘМС және ТМККК пакеттері шеңберінде тегін медициналық қызметтер бойынша барлық қажетті ақпаратты білуге болады:

  • өзінің емдеуші дәрігерінде;
  •  әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында;
  •  1414 байланыс орталығында;
  •  ӘМСҚ Халықпен жұмыс жөніндегі департаментінде.
Дата публикации
20 декабря 2020
Дата обновления
20 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы