Меню

Страницы

Статья

Ақпарат-өз құқығыңызды қорғаудың кілті!

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңда көрсетілетін қызметті берушілердің, мемлекеттік корпорацияның орналасқан жерлерінде, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді орналастыру арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету көзделген.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті алушыларға олар жүгінген кезде қажетті түсіндірмелері бар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты дереу ұсынуға, сондай-ақ оны уақтылы өзектілендіруге міндетті.

Бұдан басқа, көрсетілген мемлекеттік органдардың құзыретіне көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету кіреді.

Сонымен қатар, іс жүзінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы азаматтарды тиісінше хабардар етпеу фактілері орын алуда.

Заңнамада жұртшылықтың құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге қатысуы көзделгенін ескере отырып, олар облыста мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін НҚА-ны сақтау деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін қоғамдық бақылау жүргізеді.

Ақпарат жинау үшін үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің күштері тартылады, олар әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар ретінде оларды көрсететін органдардың қызметтеріне жүгінеді.

Департаменттің осы бөлігінде "ГрИн Қостанай облысының Азаматтық Альянсы" қоғамдық қорымен және "Қостанай – адалдық алаңы"жобалық кеңсесімен тығыз ынтымақтастық орнатылған.

Қоғамдық бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту және халықтың қанағаттануын арттыру үшін қолданылады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Азаматтық қоғам өкілдерімен Мемлекеттік қызмет көрсететін 89 мекеме қамтылды.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесі бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 60 заң бұзушылық анықталды, олар туралы ақпарат БАҚ-та жарияланады.

Жіберілген бұзушылықтарды жою мақсатында қызмет көрсетуші органдардың атына 94 ұсыным жолданды, олар толық көлемде орындалды. Тәртіптік жауапкершілікке 8 лауазымды тұлға тартылды.

Мысалы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қостанай ауданы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінде қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде күші жойылған жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыру фактілері анықталды.

Бұл ретте, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жаңа ережелер жоқ.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметтердің бұл түрлері халық арасында тек біздің облыста ғана емес, жалпы республика бойынша да сұранысқа ие.

Тағы бір жағымсыз мысалға Қостанай, Тобыл қалаларының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу, оларды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқуға қабылдау бөлігінде тиісінше хабардар етпеу, Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу кезінде дұрыс емес консультация беру фактісін жатқызуға болады.

Керісінше, Қостанай қаласының көші-қон қызметтері орталығында қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік қызметтер туралы заңнама талаптарын сақтау бөлігінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Өз кезегінде, "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы көрсетілетін қызметті берушіні көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат беруге міндеттейді

Әрине, жоғарыда аталған мысалдар жалпы халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануының жалпы деңгейіне әсер етеді.

Осыған байланысты, Департамент облыс қызмет көрсетушілерін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға, ал тұрғындарды Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіз бұзылған жағдайда Департаментке жүгінуге шақырады.

 

 

 

Бексұлтанов Қазбек – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы

Дата публикации
22 декабря 2020
Дата обновления
22 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы