Елбасы Н.Ә. Назарбаев 100 нақты қадам Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықты азайту негізгі басымдықтар ретінде айқындалған.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа жол бермеуі қазіргі бәсекелестік жағдайында мемлекеттің табысты дамуы үшін сөзсіз басымдық болып саналады. Бұл кез келген құқық бұзушылықтар қоғам мүдделеріне орасан зиян келтіретіндігіне және кез келген елдің экономикалық өсуін тежейтін факторға айналатындығына байланысты.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріндегі кешенді тәсіл "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарды және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетіні қағидатты түрде маңызды.
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті (жанар-жағармай материалдарын, есептеу және ұйымдастыру техникасын, кеңсе тауарларын, жиһазды, автокөлік құралдарын және т.б.) ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға тиіс екендігі көзделген.
Осыған ұқсас норма "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"Заңның 10-бабында көзделген мемлекеттік қызметшінің міндеттерінде де бекітілген.
Алайда, қоғам тарапынан мемлекеттік қызметшілер қызметтік автокөлік құралдарын қалай және қандай мақсаттарда пайдаланатынына көп көңіл бөлінеді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық полиция Департаментімен, бұқаралық ақпарат құралдарының, ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп қызметтік автокөлік құралдарын заңсыз пайдалану фактілерін анықтауға, жолын кесуге және алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде.
Бұдан басқа, белсенді азаматтық позицияны облыс орталығының, сондай-ақ облыс өңірлерінің тұрғындары көрсетеді.
Мәселен, 2020 жылдың өткен кезеңінде жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкерінің қызметтік автокөлік құралын мақсатсыз пайдаланудың 2 фактісі анықталды, оларға қатысты тәртіптік іс қозғалды, кінәлі адамдар қатаң тәртіптік жазаға тартылды.
Нәтижесінде қызметтік автокөлік құралдарын заңсыз пайдалану фактілерінің айтарлықтай төмендеу динамикасы байқалады.
____________________________________________________________________
Құрметті облыс тұрғындары, қызметтік автокөлікті тиімсіз пайдалану фактілері туралы ақпаратты 8 (7142) 39-31-65 сенім телефоны арқылы, сондай-ақ электрондық мекенжайға хабарлай аласыз agskos@mail.ru, pressa-kost@mail.ru, WhatsApp 8-707-957-14-00.
Немқұрайлы болмаңыз, сіздің әрбір хабарламаңыз қоғамда Нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзушылық фактілерін азайтуға ықпал ететін болады.
Успанов Алмат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы