Сонымен, егер сіз меншік иесі болсаңыз және тіркелген азаматтардың санын білгіңіз келсе, мұны екі жолмен жасауға болады:
Egov.kz порталы арқылы:
- Egov.kz порталына ЖСН мен парольді енгізу немесе ЭСҚ қолдану арқылы кіріңіз;
- «Жеке кабинетке» өтіңіз;
- «Меншік» бөлімінде «Тіркелгендердің тізімін көрсету / жасыру» тармағын таңдаңыз;
EgovKzBot2.0 боты Telegram арқылы:
- Іздеу өрісіне EgovKzBot2.0 теріңіз;
- Содан кейін start пернесін басып, «Қызметтерге» өтіңіз;
- «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Менің пәтерімде қанша адам тіркелген» қызметін таңдаңыз;
- Егер сізде бірнеше пәтер болса - пайда болған тізімнен қажетті мекен-жайды таңдаңыз. Сіз ұялы телефоныңызға растау коды бар хабарлама аласыз, оны енгізуіңіз керек. Нәтиже бірнеше минут ішінде дайын болады.
Назар аударыңыз, қызметті алу үшін сіз мобильді азаматтар базасында тіркелуіңіз керек.