Меню

Страницы

Статья

#Біз жылу сыйлаймыз: Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде

Бүгінелордадағы Есілауданының№1 ХҚО бөлімінің келушілеріне «Азаматтарғаарналғанүкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева қызмет көрсетті. Дәстүрлі қызметтен бөлек, олдүниеге енді келген егіздерінің құжатын алған ата-ананы, 38 жылеңбекетіп, құрметті демалысқа шыққан оқытушыныжәне 16-ға толып, алғашқыжекекуәліктерін алғанағалы-қарындас Рауан мен Аружандысалтанаттытүрдеқұттықтады. Құжаттардан бөлек, мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы естелік сыйлықтар да табыстады.

Естеріңізге салайық, бүгінде «Азаматтарғаарналғанүкімет» мемлекеттіккорпорациясықызметкерлердіңкорпоративтіқұндылықтарынқалыптастырубағытындабелсендіжұмысжүргізіпжатыр. Мәселен, ХҚО қызметкерлерібаласыныңтуу туралы куәлігін,жекебасынкуәландыратынқұжатты немесе жүргізуші куәлігін алғаш алған,зейнеткешығып жатқан келушілерді өміріндегіұмытылмассәттеріменқұттықтап, жылы лебіздерін білдіреді.

ӘсемгүлБалташеваныңайтуынша, мемлекеттік корпорация мемлекеттікқызметтердідәстүрлі түрде көрсетушеңберіненшығуға ұмтылып, келушілерге жылу мен мейірімділіксыйлауғадайын. «Әлемөзгерді, оныменбіргебіз де өзгеруімізкерек. Қызметалушылардыжігерлендіріп,қуанышынбөлісіп, әркезқолдауымыз қажет. Маркетологтармұнытұтынушыныңқалауын табу дер,ал біз оны шынайы ықыластаныту деп атар едік», –дейдіБалташева.

Төрайым қолынан құжат алғандар да өз пікірін айтуды жөн көрді. «Мемлекеттік корпорация төрайымының қыздарымыздыңалғашқықұжаттарынтабыстағанына өтеқуаныштымыз. Қолы жеңіл болып,олардың дажолыашық әріжарқынболадыдепсенеміз», –деді Данелия мен Адалин есімді егіздердіңәкесі Ренат Шаймарданов.

Білім беру саласында 38 жылеңбектенгенСалтанатАртықовазейнеткерлікке байланысты құжаттарын реттеуге келген. Ол мемлекеттік қызмет көрсету саласында мұндайды бірінші рет кездестіргенін жасырмады: «Құрметті демалысқа шығуыммен құттықтап жатқандарыңызға көп рахмет, өте жағымды әсер алдым. Елімізде өз азаматтарына осындай ілтипат көрсететін ұйымдардың бары қуантады».

ХҚО-да қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасы биылғы қыркүйекте басталды. #Бізжылусыйлаймыз жобасы аясында еліміз бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық қызмет алды. Бұл деректің тек ұлғая түсері анық, себебі мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымынан кейін, осы аптадан бастап,ХҚО-да Азаматтарға арналған үкіметтің төрайым орынбасарларынан, басқарушы директорларына дейін барлық топ-менеджмент азаматтарға қызмет көрсетеді. Өңірлерде – филиал директорлары және орынбасарлары. Олардың барлығы келушілердің өміріндегі ең маңызды сәттерінің куәсі болып, жылы лебіздерін білдіретін болады.

Дата публикации
23 ноября 2020
Дата обновления
23 ноября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы