Меню

Страницы

Статья

Кәсіби мемлекеттік аппарат

Сандықтехнологиялардың күннен күнге қарқынды дамып, ақпарат ағыны көз ілеспес жылдамдықта тараған уақытта алға қойған мақсат міндеттерді орындау және тиімді нәтижеге қол жеткізудің бірден-бір кепілі кәсіби аппаратты қалыптастыру және басқару ресурсын жетілдіру болып табылады. Осы орайда тиімді кәсіби аппарат қалыптастыру мақсатында халықаралық тәжірибелер зерделеніп мемлекеттік қызмет саласында реформалар жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» аттыҚазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың жалғасы ретінде мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйе­сіне және оларды орындау жауапкершілі­гіне деген көзқарасты өзгертуден бас­тау қажеттігін атап өтті.

Әлемді шарпыған пандемия адамның адаммен қарым-қатынасын, білім алуын,тіпті күнделікті жүріс тұрысын да өзгерткені белгілі. Дерттің ушығып адамнан адамға жұғуы өршіген тұста көптеген салалар мен қатар мемлекеттік қызметшілерде қашықтықтан жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Осы тұста негізгі мақсаты жұмыстың барысы емес, нәтижесі болуы тиіс мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіру мақсатында, оны қайта құру қажеттігі туындап мемлекеттік қызметшілердің санын қысқартуға болатыны айқындалды.

Мемлекеттік қызметтің жаңа бір белеске аяқ басар тұста бұл салаға заманауи өзгерістер барысында тез әрі тиімді шешім қабылдауға қабілетті кадрларға мұқтаждығы байқалды.

Бұл дегеніміз кәсіби білікті, бастамашылық, жаңашылдық, бәсекеге қабілетті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту.

Сабақтастықпен институционалды жадыны сақтай отырып озық ойлы, кәсіби мамандардың мемлекеттік қызметке тарту арқылы халқымыздың әл-ауқатын арттыруды басты міндеті санайтын тиімді мемлекеттік қызмет аппаратын басты мақсат.

 

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы