Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 6001-20-6-1-6/66 соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған істер бойынша қысқартылған іс жүргізуге қатысты хатын жұмыста есепке алу үшін жолдайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 810-бабының бірінші бөлігіне сәкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, оның ішінде 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, сондай-ақ оның жасалу фактісін мойындайтын және айыппұлды осы ӘҚБтК-нің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көрсетілгеннен елу пайызы мөлшерінде төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамайтын, оны жасаған адам анықталған істер бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.
Осылайша, қысқартылған іс жүргізу ӘҚБтК-нің 810-бабының 1-бөлігіндегі соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған істер бойынша тікелей көзделген.
Бұл ретте ӘҚБтК-нің 810-бабының екінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу істері мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда қолданылмайды.
ӘҚБтК-нің 897-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (табыс еткен), мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабарлама немесе хабардар ету алынған (табыс етілген) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде осы ӘҚБтК Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.
Осылайша, әкімшілік істі қозғау және қарау кезінде ӘҚБтК-нің 897- бабын басшылыққа алу қажет.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 804-бабының бірінші бөлігінің 31) тармақшасына сәйкес соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалар құқығы бар екенін атап өту қажет.
Басшы А.Маханов