Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің №53 қаулысына сәйкес, өңірдегі ХҚО-лар сағат 9-дан 18-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте мамандандырылған ХҚО – да жұмыс кестесі екі мәрте: құжаттарды қабылдау сағат 9-дан 16-ға дейін, дайын құжаттарды беру сағат 9-дан 18-ге дейін жүргізіледі.
Барлық ХҚО-лардың жанында, ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтауы үшін белгілер сызылды. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі әрбір бөлімге кірген кезде әрбір көрсетілетін қызметті алушының температурасын өлшеу жүргізіледі. Басты талап – медициналық масканың болуы.
"Қостанай, Рудный және Тобыл қалаларының ХҚО-лары қалай жұмыс істейтініне жеке назар аударғым келеді. Олардан қызметтерді тек кезекті алдын ала брондау жағдайында алуға болады. Жаңа кестені ескере отырып, Қостанайдың Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызметтерді алу үшін кезекті сағат 17.30-ға дейін (мамандандырылған ХҚО үшін 15.30-ға дейін) брондау қажет. Кейінірек бронь жарамсыз деп саналады. Кезекке бірнеше тәсілмен тапсырыс беруге болады: egov.kz электрондық үкімет порталындағы арнайы сервис арқылы, 1414 нөмірі бойынша, eGovmobile мобильді қосымшасы, сондай - ақ EgovKzBot2.0 телеграм қосымшасы арқылы", - деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Шыңғыс Әшірбеков.
Сонымен қатар Шыңғыс Әшірбеков қазір кезекті қайта брондау сервисі жұмыс істеп жатқанын еске салды.
"Егер сіз көрсетілген уақытқа ХҚО-ға үлгермейтіндігіңізді түсінсеңіз, сіз кезекке қайта тапсырыс бере аласыз. Қайта броньдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарлама келіп түседі немесе сервистің мәртебесі Жеке кабинетте көрсетіледі. Басқа күнге қайта броньдау кезінде-алдыңғы уақыт басқа көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді болады. Бірақ ескеру керек кейбір жағдайлар бар. Белсенді бронь болған жағдайда басқа күндерге жаңа бронь қолжетімсіз, "сізде белсенді бронь бар" деген хабарлама шығады", - деп түйіндеді Әшірбеков.