Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау

Қоғамдық жұмыстар-бұл адамның қоғам мен мемлекет алдындағы кінәсін өз еңбегімен, жұмысын, әдеттегі жағдайын, отбасын жоғалтпай өтеуге мүмкіндігі бар жаза. Түзеу жұмыстарына қарағанда, қоғамдық жұмыстарға сотталған адам жазасын өтейді, яғни жұмыстан бос уақытында еңбек етеді. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның басқа түрлері сияқты (айыппұлдан және белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойы тыйым салудан басқа) үкімнің орындалуын бақылауды пробация қызметі жүзеге асырады. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар қылмыстық теріс қылықтар үшін – жиырма сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін екі жүзден бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстар сотталған адам оларды өтеу уақытында негізгі жұмыс орны бойынша Еңбек міндеттерін орындаудан не оқудан бос уақытта босатыла отырып, күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге тағайындалмайды. ҚР Қылмыстық-атқару заңнамасында қоғамдық жұмыстарға сотталғандарға бірқатар міндеттер белгіленген, мысалы:

1). жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын сақтау;

2). жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын жұмыстарды орындау;

3). пробация қызметін тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабардар етуге міндетті;

4). айына бір рет пробация қызметіне тіркелу және профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келу.

Ағымдағы жылдың 10 айында Ұзынкөл ауданының пробация қызметінің есебі бойынша қоғамдық жұмыстар түрінде жазаға 8 сотталған өтті.

 

 

 

ОСП инспекторы

Ұзынкөл ауданы

әділет аға лейтенанты Т.Н. Байболов

Дата публикации
09 ноября 2020
Дата обновления
09 ноября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы