Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда жеке тұлғаларға төленбеген салықтар үшін өсімпұл есептен шығарылады

Пандемия кезеңінде азаматтарды қолдауға бағытталған Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 шілдедегі тиісті заңына Мемлекет басшысы қол қойды.

Құжатта жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық туралы норма қарастырылған, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, азаматтарға 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепте тұрған және оны төлеу күніне дейін есептелген жеке тұлғалардың мүлкіне, жеріне және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша өсімпұлдарды есептен шығарады.

Есептен шығарудың басты шарты салық бойынша негізгі борыш сомасын төлеу болып табылады. Өсімпұл бересі төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады.

Бұған 2019 жылға мүлік салығы мен жер салығы бойынша міндеттемелер жатпайды, оларды 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде төлеу қажет.

Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі-2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.

Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Дата публикации
29 октября 2020
Дата обновления
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы