Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына, 101-бабының 2-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын.

2. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.

3. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.

4. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Төрағасы

Орталық сайлау комиссиясының

Қазақстан Республикасының
Б. Имашев


Хатшы

Орталық сайлау комиссиясының

Қазақстан Республикасының

С. Мұстафина

Дата публикации
30 октября 2020
Дата обновления
30 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы