Меню

Страницы

Статья

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 439 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::

1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың әкімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерімен бірлесіп, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын өткізу кезеңінде сайлау процесінің санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.

3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының сайлау комиссиялары сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

 


Төрағасы

Орталық сайлау комиссиясының

Қазақстан Республикасының
Б. Имашев


Хатшы

Орталық сайлау комиссиясының

Қазақстан Республикасының

С. Мұстафина

Дата публикации
30 октября 2020
Дата обновления
30 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы