Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға міндетті.
Эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін шарттық негізде ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға және таратуға жүзеге асыра алмайды.
Үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді мына электрондық пошта мекенжайыларына жолдауға болады: tic_kst_uzu@saylau.kz