Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 144 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 сәуірде № 38492 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілер және бөгде түрлерден қорғау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қағидалардың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылды:
«1-1) буферлік аймақ – зиянды организмнің бөлінген аймаққа немесе одан таралу ықтималдығын барынша азайту үшін шекаралары фитосанитариялық мақсаттарда ресми түрде айқындалған және қажет болған жағдайда фитосанитариялық немесе басқа да бақылау шараларына ұшырайтын аймақты қоршаған немесе оған іргелес аймақ;»
76-тармақ мынадай редакцияда жазылды:
«76. Карантиндік объектілер анықталған кезде буферлік аймақты қоса алғанда, карантиндік объектінің таралу шекарасын көрсете отырып, оның түрі бойынша карантиндік аймақтар белгіленеді.
Заңның 9-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында карантиндік режим енгізіле отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің ұсынымы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Заңның 7-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес екі немесе одан да көп облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оны жою туралы шешімді (облыс аумағында карантиндік объектінің жергілікті таралу жағдайларын қоспағанда) уәкілетті органның ведомствосы қабылдайды.»
76-1-тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылды:
«76-1. Карантиндік режим карантиндік аймақта (карантиндік объектімен залалданған және (немесе) бүлінген карантинге жатқызылған өнім өндірілетін (оның ішінде өңделетін), өткізілетін немесе сақталатын ғимараттары, құрылыстар, құрылысжайлары бар буферлік аймақты қоса алғанда), сондай-ақ мұндай карантинге жатқызылған өнім орналасқан жабдыққа, көлік құралына, орын-жайға қатысты енгізіледі.»
78-тармақ мынадай редакцияда жазылды:
«78. Аймақты карантиннен алу жүйелі зерттеп-қарау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Заңның 9-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес егер карантиндік аймақ белгіленген сәттен бастап 3 (үш) жыл бойы карантиндік объектілер анықталмаса, онда осы аумақтан (буферлік аймақты қоса алғанда) уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша карантин алынады.»
Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 109 қаулысымен карантиндік режим енгізіле отырып, карантиндік аймақ белгіленді. 2026 жылға Ұзынкөл ауданы аумағында карантиндік объект – қызғылт (жатаған) укекіремен залалданған аумақтың алаңы 30 173,5 га, карантиндік объект ошақтарының алаңы 153,4855 га құрайды.
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес:
«6-1) карантиндік режим – карантинді объектінің таралу ошағын жоюға, карантинді объектінің таралуына жол бермеу мақсатында шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және карантинді аймақ аумағынан карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды (өткізуді) тоқтата тұруға бағытталған өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды міндетті түрде жүргізуді көздейтін құқықтық режим».
Карантиндік аймақта орналасқан жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалар беріледі. Іс-шараларды жүргізуге Заң және карантиндік объект ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары негіз болып табылады.
Заңның 9-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамаларын сақтауға және орындауға;
2) Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың талап етуi бойынша карантинге жатқызылған өнiм мен карантиндi объектiлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтердi табыс етуге;
3) егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған қолда бар өнiмдi тексеру және сараптамадан өткiзу үшiн ұсынуға;
4) карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге;
5) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде кедергілер жасамауға;
6) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулауды және жоюды жүргізу кезінде жәрдем көрсетуге;
7) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды өз қаражаты есебінен жүргізуге;
8) енгізілген уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралардың талаптарын сақтауға міндетті.
Өз алқаптарына жүйелі түрде тексерулер жүргізбеу және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың карантиндік объектінің таралуына әкеп соққан қажетті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамасын орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Өсімдіктер карантині саласында туындайтын мәселелер бойынша"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" ММ-не жүгіне аласыз
Мекен-жайы: Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ғ. Мүсірепов көшесі 25
Телефон: 8(71444)2-14-78