Меню

Страницы

Статья

Семинар - кеңес

2026 жылғы 10 тамызда аудан әкімі аппаратының басшысының төрағалық етуімен семинар-кеңес өтті. Оған Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы мен тиісті мамандары (қызмет көрсетушілер ретінде), ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері, сондай-ақ аудан әкімінің ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу және ақпараттық технологиялар жөніндегі бас инспекторы қатысты. Күн тәртібі «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» тақырыбына арналды. 

Кеңес қорытындысы бойынша аппарат басшысы мемлекеттік мекемелердің басшыларына, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдеріне Жер кодексі мен мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтау жөнінде тапсырмалар берді. Нұсқауларға мынадай шаралар енгізілді: келіп түскен өтініштерді уақтылы тіркеуді, қызмет көрсету нәтижелерін ақпараттық жүйеге жедел енгізуді және оларды өтініш берушіге уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тұрақты бақылауды жүзеге асыру; «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін арттыру; қызмет көрсету регламенттерін қатаң сақтау; қызмет көрсету мерзімдерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету арқылы қызмет көрсетуден бас тарту жағдайлары мен шағымдардың алдын алу; сондай-ақ мемлекеттік қызметтерге қатысты халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да осы тектес іс-шараларды тұрақты түрде өткізу.

Дата публикации
10 августа 2026
Дата обновления
10 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы