Меню

Страницы

Статья

Құрметті сайлаушылар!

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі - бұл сіздің сайлаушылар тізімінде болуы.

Дауыс берушілердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар Президентті, Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жасайды.

Сіздің белгілі бір сайлау учаскесінің аумағында тұру орнында тіркелуіңіз сізді сайлаушылар тізіміне қосуға негіз болады.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ оның қай сайлау учаскесіне енгізілгенін көрсетуге құқылы.

Егер сізге тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болу қажет болса, сіз уақытша тұрған жеріңіздегі әкімдікке (сайлауға 30 күн қалғанда, 2020 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей) сол сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқығыңыз бар, Сіз дауыс беру күні дауыс бересіз.

Сайлаушылардың тізіміне қосылуға және алып тастауға, сондай-ақ өз деректеріңізді нақтылауға байланысты барлық мәселелер бойынша Сіз Call орталықтың телефоны арқылы ала аласыз: 8(71444) 2-42-01, 8(71444) 2-12-07

Дата публикации
23 октября 2020
Дата обновления
23 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы