2026 жылғы 18 ақпанда аудан әкімі аппараты басшысының төрағалығымен Ұзынкөл ауданының ішкі бақылау қызметімен және мемлекеттік мекемелерімен, ауыл және ауылдық округ әкімдіктерімен (көрсетілетін қызметті берушілермен) семинар кеңес өткізілді. Күн тәртібінде "сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы мемлекеттік мекемелердің басшыларына, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдеріне жер кодексінің нормаларын және "сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу"Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын сақтауға қатысты тапсырмалар берді.