Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай – ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру мақсатында "қоғамдық бақылау-Чекті талап ет"акциясы басталғанын хабарлайды. Азаматтарға салық заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауға қатысуға мүмкіндік беріледі.
Ағымдағы жылы, өткен жылдағыдай, акция "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады, оны Apple App store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болады.
Акцияға кез-келген адам қатыса алады!
Ол үшін: бейне тіркеу көмегімен бұзушылықты тіркеу және "Wipon"мобильді қосымшасы арқылы шағым жіберу қажет. Тіркелген чекті бермеу фактісі расталған жағдайда азамат телефон теңгеріміне сыйақы (1000 теңге) ала алады.
Акция қолма-қол ақша арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету үшін ақшалай есеп айырысу кезінде кәсіпкерлердің чек беруін қамтамасыз етуге бағытталған.