Шешендік өнер - сендіру қабілеті және қазіргі әлемнің проблемаларына бағдарлана білу. Бүгінде әрбір жас азамат дәл осы қасиеттерге ие болуы керек. Қостанайда екінші рет "Полилог 2020" шешендік сайысы өтті. Оған облыстың барлық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұловтың айтуынша, өткен жылы Антикор мен Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен біздің өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша алғашқы Полилог турнирі өткізілді. Ол маңызды шараға айналды және студенттер қауымдастығы тарапынан да, журналистер мен блогерлер атынан, жұртшылық арасында да бірқатар оң пікірлерге ие болды.
"Мұндай форматтағы байқаулар Америка мен Еуропада сәтті өтуде. Біз осы жылы облыстық деңгейдегі осындай турнир жыл сайынғы іс - шара мәртебесіне ие болғанына қуаныштымыз" - деп "Sanaly urpaq 2050" қоғамдық қорының басшысы өз әсерімен бөлісті және турнирдің бас ұйымдастырушысы Серік Манасбаев - "Биыл турнирдің жаңалығы қатысушылардың орыс және қазақ тілдерімен лигаларға бөлінуі болды. Бұл қатысушылардың қолжетімділігін арттырады және жаңа, батыл идеяларын көрсетуге көбірек спикерлерді шабыттандырады деп сенеміз", деді.
Қатысушылардың көбісі тәжірибелі пікірсайысшылар болса да, олардың әрқайсысы қобалжиды. Спикерлер үшін әлеуметтік-экономикалық тақырыптар дайындалды. Негізгі міндет-тақырып туралы қысқаша және сауатты айту. Әр қатысушыға 5 минут беріледі.
Турнир қорытындысы бойынша жеке есепте алтын Капаров Русланға, күміс - Кирсанов Вадимге, қола - Берновский Никитаға бұйырды.
Жалпыкомандалық бірінші орынды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университетінің құрамасы иеленді. З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері екінші орын алды, үшіншісі-Рудный индустриалдық университетінің делегациясында.