Меню

Страницы

Статья

Баспасөз хабарламасы

Қазақстанның Еңбек министрлігі мен Кореяның Әділет министрлігі ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасының мерзімдерін кеңейту жөнінде келісімге келді

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасының Әділет министрлігімен заңсыз көші-қонды азайту және азаматтарымыздың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізілген келіссөздер барысында, Кореяда заңсыз жұмыс істеген қазақстандықтарға айыппұлсыз және қайта кіруге тыйым салынбастан елден ерікті түрде шығуға мүмкіндік беретін ерікті қоныс аудару бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мерзімдерін кеңейтуге уағдаласты. Біздің отандастарымыз бұл мүмкіндікті 2025 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы ақпан айына дейін қоса алғанда пайдалана алады.

Бұл шаралар құқықтық салдарларды жеңілдетуге және өз мәртебесін реттеуге дайын адамдарды қолдауға бағытталған. Бағдарлама қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасына жататын, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктерге қолданылмайды.

Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, ерікті қоныс аудару туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде беріледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ) қазақстандықтарды шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуға шақырады. Бұл заңсыз көші-қон, елден шығарып жіберу, айыппұлдар, құқықтық шектеулер және еңбек қанауы сияқты тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Тек ресми және тексерілген еңбек ресурстары арналарына жүгіну қажет: лицензияланған жеке жұмыспен қамту агенттіктері, мемлекеттік бағдарламалар және жұмыс берушілердің ресми ұсыныстары.

ЕХӘҚМ шетелде жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

 

Дата публикации
11 декабря 2025
Дата обновления
11 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы