Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 337 сессиясында бекітілген. Аудандық бюджетті нақтылау 2020 жылдың қыркүйегінде жоспарланып отыр.
2020 жылға аудан бюджетіне түсімдер - 4478618,5 мың теңгені құрады, оның ішінде:
Салықтық түсімдер-829371,0 мың теңге.
Салықтық емес түсімдер-3024,0 мың теңге.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-3128,0 мың теңге.
Трансферттер түсімі-3664626,4 мың теңге.
Бюджеттік кредиттерді өтеу-13252,0 мың теңге.
Қарыздар түсімі-31812,0 мың теңге.
Қаржы активтерінің түсімі-53676,0 мың теңге.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер-0,0 мың теңге.
Бюджет қаражатының қалдықтары-14976,4 мың теңге.
-Білім беру.
Жоғары тұрған бюджеттен жалпы білім беруге 3927,1 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттердің түсуін азайту жоспарлануда.
-Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге облыстық бюджеттен 2750,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттердің түсуін ұлғайту жоспарлануда.
- Өзге де. Ұзынкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына республикалық бюджеттен 22708,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттердің түсуін ұлғайту жоспарлануда.