Меню

Страницы

Статья

«Ұзынкөл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасына түсіндірме жазба

Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 337 сессиясында бекітілді.

Аудандық бюджетті нақтылау 2020 жылдың сәуір айында жоспарлануда.

2020 жылға арналған аудан бюджетіне түсімдер – 4227048,2 мың теңгені құрады, оның ішінде::

Салықтық түсімдер -876374,0 мың теңге.

Салықтық емес түсімдер-3024,0 мың теңге.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-5176,0 мың теңге.

Трансферттер түсімі-3342474,2 мың теңге.

Бюджеттік кредиттерді өтеу-13252,0 мың теңге.

Қарыздар түсімі-31812,0 мың теңге.

Қаржы активтерінің түсімі – 53676,0 мың теңге.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге.

Бюджет қаражатының қалдықтары-14976,4 мың теңге.

Аудандық бюджеттің сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарына 14976,4 мың теңге сомасында пайда болған бос қалдықты бөлу және жоғары тұрған бюджеттен трансферттер түсімінің азаюы күтілуде.

Шығыстардың функционалдық топтары бойынша мынадай өзгерістер жоспарланады:

- Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер. 14058,0 мың теңге сомасында шығыстарды азайту, Жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімдерінің азаюы жоспарлануда.

- Қорғаныс. Коронавирусқа қарсы күрес бойынша аудан ауқымындағы жағдайлардың алдын алуға және жоюға 2492,2 мың теңге сомасында шығындарды ұлғайту жоспарлануда.

- Білім.

Жоғары тұрған бюджеттен жалпы білім беруге 13995,3 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімін ұлғайту жоспарлануда.

- Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету. 474276,1 мың теңге сомасына шығындарды ұлғайту, Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін ауыл, ауылдық округ бюджеттерін несиелендіруге облыстық бюджеттен түсетін түсімдерді ұлғайту жоспарлануда.

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 1200,0 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік. Мемлекеттік әлеуметтік көмекке 300,0 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда. Тапсырыс (Рухани жаңғыру бойынша іс-шаралар өткізу).

- Отын-энергетика кешені жер қойнауын пайдалану. 2157,3 мың теңге сомасында шығындарды азайту жоспарлануда, мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем.

- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары.  Қызметтік автомашиналарды сатып алу бойынша мораторийге байланысты шығыстарды 5509,5 мың теңге сомасына азайту жоспарлануда.

-Өзге де. Қызметтік автомашиналарды сатып алу бойынша мораторийге байланысты шығыстарды 5400,0 мың теңгеге азайту жоспарлануда.

- Трансферттер. 13776,4 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту, оның ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару жоспарлануда.

 

Дата публикации
14 сентября 2020
Дата обновления
14 сентября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы