Меню

Страницы

Статья

«Ұзынкөл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасына түсіндірме жазба

Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 30 желтоқсандағы                      № 337 сессиясында бекітілген. Аудандық бюджетті нақтылау 2020 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

Бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына жүргізілген бюджеттік мониторинг негізінде                   49051,0 мың теңге мөлшерінде, оның ішінде кодтар бөлінісінде 1-3 санаттағы салық түсімдерін азайту қажеттілігі туындады:

  Салықтық түсімдер 47003,0 мың теңгеге, оның ішінде:

1012 «Жеке табыс салығы» - 70576,0 мың теңге;

1031 «Әлеуметтік салық»  – 42000,0 мың теңге;

1052  «Акциздер» - 240,0 мың теңге;

1053 «Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер» -19000,0 мың теңге;

1081 «Мемлекеттік баж» – 940 мың теңге және 1011 «Корпоративтік табыс салығы» – 83708,0 мың теңге; 1045 «Бірыңғай жер салығы»  – 2045,0 мың теңге ұлғайтылды.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2048,0 мың теңгеге азайтылды, оның ішінде:

3011 «Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату» 4000,0 мың теңгеге азайтылды;

3031 «Жерді сату» 1169,0 мың теңге сомасына ұлғайтылды, 3032 «Материалдық емес активтерді сату» 783,0 мың теңге сомасына ұлғайтылды.    

2020 жылға арналған аудан бюджетіне түсімдер – 4478618,5 мың теңгені құрады, оның ішінде:

Салықтық түсімдер-829371,0 мың теңге.

Салықтық емес түсімдер - 3024,0 мың теңге.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3128,0 мың теңге.

Трансферттер түсімі - 3643095,5 мың теңге.

Бюджеттік кредиттерді өтеу – 13252,0 мың теңге.

Қарыздар түсімі - 31812,0 мың теңге.

Қаржы активтерінің түсімі-53676,0 мың теңге.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге.

Бюджет қаражатының қалдықтары - 14976,4 мың теңге.

Шығыстардың функционалдық топтары бойынша мынадай өзгерістер жоспарланады:

- Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер. 27707,5 мың теңге сомасында қызметтік автомашиналарды ағымдағы жөндеуге, Коммуналдық қызметтерге (жылытуға) ақы төлеуге, ТМС-ны тіркеуге шығыстарды ұлғайту жоспарлануда. «Федоров-Сокол су құбыры (20 км)»,                               «Ряжск-Федоров су құбыры (30 км), «Ұзынкөл-Ряжск су құбыры» (20 км), шамдар, аркалар орнатуға, аудан көшелері бойынша бейнебақылау жүйесіне.

- Қорғаныс. Коронавируспен күрес бойынша аудан ауқымындағы жағдайлардың алдын алуға және жоюға 2183,0 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

- Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі. Жол белгілерін орнатуға 5688,7 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

- Білім беру. Жоғары тұрған бюджеттен электрондық оқулықтарға жазылуға 289,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімін ұлғайту және Мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделуге байланысты 83681,0 мың теңге сомасында шығыстарды азайту жоспарлануда.

- Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру. Жоғары тұрған бюджеттен АӘК төлеуге, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына, мемлекеттік гранттар беруге және жалақы бойынша үнемдеуге байланысты шығыстарды азайтуға, әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж алушылар санын азайтуға 2327,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттерді азайту жоспарлануда.

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Жоғары тұрған бюджеттен 2265,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімін ұлғайту және қызметтік пәтерлер сатып алуға және полигонға қызмет көрсетуге 18000,0 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік. Спорттық мүкәммал сатып алуға 12745,0 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары. Қызметтік автокөлік және квадракоптер сатып алуға 6298,0 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

- Көлік және коммуникация. Мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуге байланысты шығыстарды 23775,7 мың теңге сомасында азайту жоспарлануда.

Дата публикации
20 августа 2020
Дата обновления
20 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы