Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде көрнекті ақпарат тілінің алатын орны ерекше екендігі даусыз.
Қазір көрнекі ақпараттың тілі біршама қалыптасып қалғандығына қарамастан көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын, ресімделуін, тілін реттеу, жүйелеу жағынан кемшіліктердің бар екендігі жасырын емес.
Ағымдағы жылғы 30 шілде Ұзвнкөл ауылында «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары, Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қатысуымен көрнекі ақпарат құралдарының «Қазақстан Республикасының тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдары талаптарына сәйкестігіне кезекті мониторинг жүргізілді.
Мониторинг жүргізу барысында мекеме және ұйымдардың иелеріне тілдер туралы заңнама нормалары бойынша жаднамалар табыс етілді және көрнекі ақпарат құралдарын орналастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.