Меню

Страницы

Статья

Карантинге жатқызылған өнімге қайталама тексеру жүргізу туралы.

"ҚР АШМ АӨК МКК Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" ММ тұқымдарды белсенді әкелудің басталуына байланысты карантинге жатқызылған өнімдерді тексеру қажеттігін еске салады.

"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, карантинге жатқызылған өнім өткізілетін көлік өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауға және қажет болған жағдайда - фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантиндік тексеріп қарауға, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің тағайындалған жері бойынша тиісті актілерді ресімдей отырып, карантиндік тексеріп қарауға жатады.

Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өніммен жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) оның иесі мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау және міндетті карантиндік тексеріп қарау жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді.

Әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, сондай-ақ фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантиндік тексеруден өткен көлік құралдары карантинге жатқызылған өнімнің түпкілікті межелі пунктінде қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға ұсынылады.

Карантинге жатқызылған өнім мен көлік құралдарын тексеріп қарауды, карантинге жатқызылған өнімді тағайындау пунктінде талдау мен сараптамаға үлгілерді іріктеуді морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен түрлерге, өсімдіктер ауруларының белгілеріне ұқсас организмдер анықталған жағдайда уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен және бөгде түрлермен зақымдану белгілерінің үлгілері зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі. Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану шарттары туралы жазба жасалады.

"Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен түрлерден қорғау жөніндегі" қағидаларға сәйкес 2-тарау 1-параграф 9-тармақ: карантинге жатқызылған өнімнің иесі уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі-карантинге жатқызылған өнімнің иесі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлімшесін хабардар етеді – аумақтық бөлімше) карантинге жатқызылған өнімнің кез келген қолжетімді тәсілмен келгені туралы және карантиндік фитосанитариялық бақылауды және баратын жерінде қадағалауды жүзеге асыру, жеткізу үшін карантинге жатқызылған өнімді келген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

 


"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z990000344_

"Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен түрлерден қорғау жөніндегі" қағидалармен сілтеме бойынша танысуға болады:

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012032

Дата публикации
19 марта 2024
Дата обновления
19 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы