Электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша БҰҰ-ның жаңа шолуы жарияланды. Зерттеу екі жылда бір рет жүргізіледі. 2018 жылы Қазақстан 39 орында, ал биыл БҰҰ-ға мүше 193 елдің арасында 29 орынды иеленді. Осылайша, біздің еліміз 10 позицияға көтерілді.
Үздік көрсеткіштермен 10 елді Дания, Оңтүстік Корея, Эстония, Финляндия, Австралия, Швеция, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, АҚШ және Нидерланды басқарды. ТМД елдері арасында Қазақстан Ресей, Беларусь, Молдова, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Арменияны басып озып, бірінші орынды иеленді. Теңізге шыға алмайтын елдер арасында Қазақстан ең жоғары EGDI-мен (0,8375) бірінші орынға ие болды. Ал EGDI-дің ең жоғары көрсеткіші бар Азия елдері арасында Қазақстан Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Кипр және БАӘ-ге жол беріп, 6-шы орынды иеленді.
Үкіметтің ашық деректер индексі бойынша Қазақстан Азия елдері арасында 1 орын алды. Онлайн-қызметтер индексі бойынша-Азия елдері арасында 3 орын және жалпы әлемдік рейтингте 11 орын. Бұдан басқа, Қазақстан рейтингте Люксембург, Израиль, Бахрейн, Бельгия, Қытай, Италия, Малайзия, Португалия және Румыния сияқты елдерді басып озды. Жергілікті онлайн-қызметтердің даму деңгейі бойынша Алматы қаласы әлемнің 100 қаласы арасында 29-орында орналасқан.