Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық бақылау - "Чекті талап ет" акциясы басталды

Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы азаматтық белсенділікті арттыру, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай – ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру мақсатында "қоғамдық бақылау-Чекті талап ет"акциясы басталғанын хабарлайды. Азаматтарға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысу мүмкіндігі беріледі.

Ағымдағы жылы, өткендегідей, акция Apple App store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болатын "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Науқанға кез келген адам қатыса алады!

Ол үшін: бейне бекіту арқылы бұзушылықты жазып, шағымды "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы жіберу қажет. Тіркелген чекті бермеу фактісі расталған жағдайда азамат телефон теңгеріміне сыйақы (1000 теңге) ала алады.

Акция кәсіпкерлердің тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау және қызметтерді қолма-қол ақша арқылы көрсету үшін ақшалай есеп айырысу кезінде чектерді беруін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дата публикации
24 июня 2020
Дата обновления
24 июня 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы